Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдады

Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда біраз жылдан бері жұмыс істеп, күрделі инфрақұрылымдық шешімдерді табысты іске асырған СССС компаниясы бүгінде сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде танылғанын айтты.

Президент Бақты – Аягөз теміржол құрылысының стратегиялық мәніне назар аударды. Бұл желі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құрудың маңызы атап өтілді.

Мемлекет басшысы бірлескен кәсіпорын Каспий маңы елдері мен одан тысқары жерлерде қауіпсіз теңіз қатынасын қамтамасыз ету қызметін ұсынатын өңірлік орталық қалыптастыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы келешегі зор бастамалар талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапар аясында Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы құрылысының жобасын бірлесе әзірлеу туралы келісімге қол қойылуын құптады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл нысан ұлттық энергия жүйесін нығайта түседі.

Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростанцияны СССС компаниясына еншілес China International Water & Electric Corporation кәсіпорнының қатысуымен Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде салу жоспарланып отыр.

Новые статьи

Асфальтты не байланыстырып, жолды жарықтар мен доңғалақ іздерінен қорғайды

Қиыршықтас, құм және минералды ұнтақ асфальтбетонның негізін құрайды. Алайда арнайы байланыстырғыш материал болмаса, олар жолға онша ұқсамайтын, жеке бөлшектерден тұратын қарапайым қоспа болып қалар...

Что связывает асфальт и защищает дорогу от трещин и колеи

Щебень, песок и минеральный порошок составляют основу асфальтобетона. Но без специального связующего материала они остались бы обычной смесью отдельных частиц, мало похожей на дорогу. В...

Марқакөл ауданында жолға шыққан аю видеоға түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданындағы Ақжайлау және Ұрынхайка ауылдарының арасындағы автожолға шыққан аюды куәгерлер видеоға түсіріп алды. Куәгерлердің айтуынша, жануар өтіп бара жатқан көліктер мен...

В Маркакольском районе очевидцы сняли на видео медведя, вышедшего на дорогу

Очевидцы сняли на видео медведя, который вышел на автодорогу между селами Акжайлау и Урынхайка в Маркакольском районе Восточно-Казахстанской области. По словам свидетелей, животное не проявляло...