Қазақстан COMAC-пен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Қытайдың Commercial Aircraft Corporation of China (COMAC) корпорациясының президенті Шэнь Бомен кездесті. Келіссөз Қазақстан делегациясының Қытайға жұмыс сапары аясында өтті.

Шэнь Бо корпорацияның қызметі, негізгі жобалары және Қытайда шығарылған жолаушылар ұшақтарын халықаралық нарыққа шығару жоспары туралы айтты.

Қазір COMAC әуе кемелері Лаос, Индонезия және Вьетнамда пайдаланылып жүр. Корпорация ұшақтарды сертификаттау жұмыстарын жүргізіп, оларды Бруней, Камбоджа, Моңғолия және Конго нарығына шығаруға дайындалып жатыр.

COMAC ұшақтарының қатарына C909 өңірлік реактивті ұшағы кіреді. Ол 90 жолаушыға дейін тасымалдай алады және 3 700 шақырымға дейін ұшады. Тар фюзеляжды орта магистральды C919 ұшағы 192 жолаушыға дейін тасымалдауға арналған. Оның ұшу қашықтығы 5 555 шақырымға жетеді. Бұдан бөлек, корпорация кең фюзеляжды алыс магистральды C929 ұшағын әзірлеп жатыр.

Салтанат Томпиева мен Шэнь Бо Қазақстан мен COMAC арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады. Олардың қатарында маршруттық желіні дамыту, авиациялық техниканы пайдалану және азаматтық авиацияға заманауи технологияларды енгізу бар.

COMAC президентінің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы қосымша әуе рейстерін ашу, жаңа бағыттарды іске қосу және өңіраралық әуе қатынасын дамыту ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады және азаматтық авиация саласындағы жобаларды талқылауды жалғастыруға келісті.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...