Ұлан ауданында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Таврия ауылдық округінде өткен шара жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеді.

Акцияның ашылу салтанатында жергілікті кәсіпкер Бақытбек Исханов пен Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Бауыржан Биғалиев сөз сөйледі. Олар туған өлкенің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларға белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті.

Экологиялық акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 50 сарбазы қатысты. Олар көл жағалауы мен оған іргелес аумақты тұрмыстық қоқыстан тазартты. Шара қорытындысында 1 гектар жер тазаланып, 300 қап қоқыс жиналды. Жұмысқа екі арнайы техника жұмылдырылды.

«Таза жағалау» акциясы туған өлкенің табиғатын сақтауға және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға қосылған кезекті үлес болды. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді және тұрғындарды өңірдің тазалығы мен көркеюі жолындағы ортақ мақсатқа жұмылдырады.

Новые статьи

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын...

Глава государства принял Вице-Президента Ерлана Карина

Касым-Жомарт Токаев отметил, что должность Вице-Президента закреплена Конституцией Республики Казахстан и имеет особое значение в системе государственного управления. Президент поставил перед Ерланом Кариным ряд конкретных...

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар...

Қорғаныс министрлігі офицерлерді даярлау жүйесін жаңартады

Қазақстандағы әскери білім беру жүйесін жаңа технологиялық талаптарға бейімдеу жоспарланып отыр. Болашақ офицерлерді даярлауда ұшқышсыз технологияларға, цифрлық құралдарға, көшбасшылық қасиеттерге, әскери ғылымға және командирлердің...