Судағы қауіпсіздік: Алтай ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында профилактикалық жағалау рейдтерін өткізді

Шомылу маусымы қызған кезеңде су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

2026 жылғы 16 шілдеде «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Алтай ауданының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жергілікті су айдындарының жағалауында ауқымды профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру және қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Рейд барысында мобильді топ мүшелері демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын, шомылу кезінде сақталуы тиіс сақтық шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтыны ескертіліп, олардың қауіпсіздігі үшін тұрақты бақылаудың маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ азаматтарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы өңір тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Сақтық шараларын елемеу орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Өз өміріңіз бен денсаулығыңызға, сондай-ақ жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – баршаға ортақ міндет.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...