Абай облысындағы өрт маңындағы лагерьден 190 бала эвакуацияланды

Полиция қызметкерлері Абай облысындағы табиғи өрт аймағына жақын орналасқан DosbolLike лагерінен 190 бала мен 20 қызметкерді эвакуациялады. Өрт туралы хабар түскен бойда полицейлер лагерьге жетіп, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге кірісті.

Балалар арасында дүрбелең тумауы үшін эвакуация тыныш әрі ұйымдасқан түрде жүргізілді. Полиция қызметкерлері кішкентай балаларды қолдарына көтеріп, жұбатып, қауіпсіз жерге дейін бірге алып барды.

Көптеген бала дәл полицейлердің жанында өзін қауіпсіз сезінді. Қазір полиция күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қызметкерлер қауіпті аумақты қоршауға алып, өрт болған жерге апаратын жолдарды жапты. Ал төтенше жағдайлар қызметтері мен арнайы техника өрт аймағына кедергісіз кіріп-шыға алады.

Полицейлер құтқарушылар колонналарын алып жүріп, жол қозғалысын реттеп жатыр. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қадағалап, тұрғындардың қауіпті аумақта қалдырған мүлкін күзетуде.

Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Полиция Төтенше жағдайлар министрлігімен, Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Қорғаныс министрлігімен және басқа да жұмылдырылған қызметтермен бірлесіп әрекет етуде.

Ішкі істер министрлігі тұрғындарды төтенше жағдайлар қызметкерлерінің талаптарын сақтауға, қауіпті аумаққа жақындамауға және арнайы техниканың қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырды.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...