ШҚО полицейлері зейнеткерді тонаған қылмыскерді ізін суытпай ұстады

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында егде жастағы азаматқа қатысты жасалған қылмыстық әрекет ізі суытпай ашылды.

Тергеу мәліметі бойынша, кешкі уақытта 73 жастағы жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне белгісіз тұлға заңсыз кірген. Қылмыскер ашық тұрған терезе арқылы еніп, жәбірленушіден ақша талап еткен.

Қорқыныш астында қалған қарт әйел 32 мың теңгесін беруге мәжбүр болған. Ақшаны алған соң, ер адам үйдегі басқа да заттарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленушінің нақты сипаттамасының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тәртіп сақшылары халықты қарт туыстарының қауіпсіздігіне баса назар аударуға және бейтаныс жандар жайлы дереу хабарлауға шақырады.

Новые статьи

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын...

Глава государства принял Вице-Президента Ерлана Карина

Касым-Жомарт Токаев отметил, что должность Вице-Президента закреплена Конституцией Республики Казахстан и имеет особое значение в системе государственного управления. Президент поставил перед Ерланом Кариным ряд конкретных...

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар...

Қорғаныс министрлігі офицерлерді даярлау жүйесін жаңартады

Қазақстандағы әскери білім беру жүйесін жаңа технологиялық талаптарға бейімдеу жоспарланып отыр. Болашақ офицерлерді даярлауда ұшқышсыз технологияларға, цифрлық құралдарға, көшбасшылық қасиеттерге, әскери ғылымға және командирлердің...