ШҚО полицейлері мал ұрлығы фактілерін ашып, иесіне 33 бас жылқыны қайтарды

Зайсан ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өңір аумағында мал ұрлығымен айналысқан төрт күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу барысында күдіктілердің еркін жайылымда жүрген 33 бас жылқыны ұрлағаны анықталды. Жәбірленуші – жергілікті тұрғын. Келтірілген материалдық шығын 30 миллион теңгеден асады.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында ұрланған мал табылып, заңды иесіне толықтай қайтарылды.

Сондай-ақ, тергеу барысында ұсталғандардың тағы бір қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың мамыр айында олар сол азаматтың 30 бас жылқысын ұрламақ болған. Алайда, қылмыстық әрекеттері дер кезінде байқалып, мал иесіне қайтарылған болатын.

Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің өңірде орын алған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Шығыс Қазақстан облысын Полиция департаменті мал иелеріне сақтық танытып, жайылымдағы малды бақылауда ұстауға, малды идентификациялау құралдарын қолдануға және мал жоғалған жағдайда полицияға дереу хабарлауға кеңес береді.

Дер кезінде хабар беру – қылмыстың ізін суытпай ашуға және мүлікті иесіне қайтаруға мүмкіндік береді.

Новые статьи

Глава государства принял Вице-Президента Ерлана Карина

Касым-Жомарт Токаев отметил, что должность Вице-Президента закреплена Конституцией Республики Казахстан и имеет особое значение в системе государственного управления. Президент поставил перед Ерланом Кариным ряд конкретных...

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар...

Қорғаныс министрлігі офицерлерді даярлау жүйесін жаңартады

Қазақстандағы әскери білім беру жүйесін жаңа технологиялық талаптарға бейімдеу жоспарланып отыр. Болашақ офицерлерді даярлауда ұшқышсыз технологияларға, цифрлық құралдарға, көшбасшылық қасиеттерге, әскери ғылымға және командирлердің...

Минобороны обновляет подготовку офицеров

Военное образование в Казахстане намерены приблизить к новым технологическим реалиям. В центре подготовки будущих офицеров окажутся беспилотные технологии, цифровые инструменты, лидерские качества, военная наука...