Қазақстанның 9 облысынан келген делегациялар ШҚО-ның үздік агрожобаларымен танысуда

Шығыс Қазақстан облысына еліміздің тоғыз өңірінен 25 делегат келді. Олардың арасында ауыл шаруашылығы басқармалары мен бейінді ведомстволардың, қоғамдық кеңестердің өкілдері, ірі агрохолдингтердің басшылары, кәсіпкерлер, фермерлер және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өкілдері бар. Үш күн ішінде қонақтар өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі табысты жобаларымен танысып, тәжірибе алмасады және алдағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылайды.

Кездесу облыстық әкімдікте басталды. Мұнда қатысушылар агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауыл шаруашылығын жүргізудің заманауи тәсілдерін талқылады. Сапардың басты мақсаты – саланы дамытудың ортақ стратегияларын әзірлеу, заманауи технологияларды белсенді енгізу және өңірлер арасында табысты тәжірибелермен тұрақты алмасу жүйесін жолға қою.

– Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен еліміздің тоғыз өңірінен келген 25-ке жуық делегатты қабылдап жатырмыз. Табысты тәжірибелермен алмасып, агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы Шығыс Қазақстанның жетістіктерін көрсетуді жоспарлап отырмыз. Үш күн ішінде қонақтар облыстың жетекші кәсіпорындарын аралайды. Бүгінде біз ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, заманауи өндірістерді дамытуға және қосылған құны жоғары өнім экспортын арттыруға ерекше көңіл бөліп отырмыз, – деді ШҚО әкімінің кеңесшісі Самат Қыдырмолда.

Мұндай жұмыс қазірдің өзінде нәтиже беріп келеді. Сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Ұлытау облысына барса, маусымда Ақмола облысында болды. Бұл сапарлар астықты өңдеу, ет кластерін дамыту, ет экспортын жолға қою және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да бағыттарындағы тәжірибені зерделеуге мүмкіндік берді. Енді Шығыс Қазақстан өз жетістіктерін таныстырып жатыр.

Биыл өңірдегі егіс науқаны 635 мың гектарға жуық аумақты қамтыды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 20 миллиард теңге жеңілдетілген несие берілді. Сонымен қатар облыста ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Басқа өңірлердің өкілдері де өз тәжірибелерімен бөлісті.

– Ұлытау облысы үшін ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі салаларының бірі. Өңір аумағының басым бөлігін жайылымдар алып жатқандықтан, басты бағыт – мал шаруашылығы. Біз ауыл шаруашылығы техникасын жүйелі түрде жаңартып, цифрлық технологияларды енгізіп келеміз. Бұл өнімділікті арттырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Биылғы жылдың алғашқы бес айында ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 19,4 миллиард теңгені құрады, – деді Ұлытау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Бегенов.

Бағдарламаның негізгі бөлігі Шығыс Қазақстанның өңдеу кластерін қалыптастырып отырған кәсіпорындарға арналған. Делегация «Восток-Молоко» кәсіпорнында сүт саласының дамуымен, ал Grand Fish зауытында балық өңдеу үдерісімен танысады. Бұдан бөлек, қонақтар майлы дақылдарды өңдеу тәжірибесін зерттеп, қосылған құны жоғары өнім шығаратын кәсіпорындарды аралайды.

Еліміздегі жетекші шаруашылықтардың бірі саналатын форель өсіру кәсіпорнына ерекше назар аударылады. Кәсіпорын жыл сайын ТМД елдеріне 1200 тоннадан астам өнім экспорттайды. Бұл Шығыс Қазақстанның дәстүрлі мал және өсімдік шаруашылығында ғана емес, аквакультура саласында да мықты ұстанымға ие екенін көрсетеді.

Агроөнеркәсіп кәсіпорындарымен қатар, қонақтар өңірдің туристік әлеуетімен де танысады. Олар форель шаруашылығы мен «Баян» пантоемдеу орталығына барып, Шығыс Қазақстан облысының табиғи көрікті жерлерін көреді және марал шаруашылығының дамуымен танысады. Мұндай бағдарлама өңірді еліміздің ірі аграрлық орталықтарының бірі ретінде ғана емес, ауыл шаруашылығы, өңдеу өндірісі мен туризм бірін-бірі тиімді толықтыратын аймақ ретінде де танытуға мүмкіндік береді.

Новые статьи

Китайская компания может построить мусороперерабатывающие заводы в трех городах Казахстана

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов поручил ускорить переговоры с китайской компанией China Tianying Inc. Власти рассчитывают привлечь инвестора к строительству заводов по утилизации твердых бытовых...

Абай облысындағы өрт маңындағы лагерьден 190 бала эвакуацияланды

Полиция қызметкерлері Абай облысындағы табиғи өрт аймағына жақын орналасқан DosbolLike лагерінен 190 бала мен 20 қызметкерді эвакуациялады. Өрт туралы хабар түскен бойда полицейлер лагерьге...

Полиция эвакуировала 190 детей из лагеря рядом с пожаром в области Абай

Сотрудники полиции эвакуировали 190 детей и 20 работников лагеря DosbolLike, расположенного недалеко от зоны природного пожара в области Абай. Полицейские прибыли к лагерю сразу...

Жыл басынан бері 90 мыңға жуық қазақстандық Skills Enbek сертификатын алды

2026 жылдың басынан бері Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасындағы онлайн курстарды аяқтаған 89,8 мың азамат сертификат алды. Сервис іске қосылғалы оған 1,3 миллионнан астам...