«Семей орманы» резерватында өрт шықты

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт шықты. Қауіпсіздік мақсатында маңайдағы балалар лагерінен тәрбиеленушілер эвакуацияланды.

Өрт 16 шілде күні таңертең резерваттың Бородулиха филиалына қарасты Камышенка орманшылығында тіркелді. Мектеп жанындағы лагерьде демалып жатқан 190 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, арнайы техника мен авиация жұмылдырылған. Оқиға орнында 30 құтқарушы, орманшылар, автоцистерналар, тракторлар және шағын орман өртін сөндіру кешені жұмыс істеп жатыр.

Әуеден жалынды ауыздықтауға су төгу құрылғыларымен жабдықталған «Қазавиаорманқорғау» РМК-ның AS350 және Ми-8 тікұшақтары, авиациялық өртке қарсы қызметтің төрт десантшысы тартылған.

— Қазіргі уақытта орман өртін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда, — деп мәлімдеді «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының өкілдері.

Мамандардың айтуынша, өртті сөндіру жұмыстарына ауа температурасының +34 градусқа дейін көтерілуі және өрт қаупінің V (ең жоғары) класының сақталуы қиындық туғызуда. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 4 метрді, екпіні 8 метрге дейін жетеді.

Новые статьи

Минобороны обновляет подготовку офицеров

Военное образование в Казахстане намерены приблизить к новым технологическим реалиям. В центре подготовки будущих офицеров окажутся беспилотные технологии, цифровые инструменты, лидерские качества, военная наука...

Для частных школ в РК планируют установить фиксированный размер финансирования

Министерство просвещения Казахстана разработало поправки, предусматривающие установление фиксированного размера финансирования для частных школ, реализующих государственный образовательный заказ. Предлагаемые изменения направлены на то, чтобы стоимость обучения...

Современную литературу Казахстана представили на книжной выставке в Гуанчжоу

В рамках 30-й Южнокитайской книжной выставки в Гуанчжоу прошла специальная сессия, посвященная современной литературе Казахстана. Китайским читателям представили произведения казахстанских авторов и рассказали об...

Когда тают Гималаи: фатальные наводнения становятся нормой

Всего за день до того, как гигантская стена из льда, горных пород и грязи сошла на гималайские долины рядом с непало-китайской границей, климатолог Дипеш...