ШҚО-да Бұқтырма жағалауына апаратын жолдың 60 шақырымы екі жылда жаңартылады

Самар ауданында Бұқтырма су қоймасының жағалауына апаратын облыстық маңызы бар Көкпекті – Самар – Васильев өткелі автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба Шығыс Қазақстан облысындағы ең танымал туристік аймақтардың біріне қатынауды жақсартуға мүмкіндік береді.

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісовтің айтуынша, жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауымен жүргізіліп жатыр. Жоба көлік инфрақұрылымы мен ішкі туризмді кешенді дамыту жұмыстарының бір бөлігі саналады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көлік инфрақұрылымы мен ішкі туризмді дамыту міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауымен Самар ауданында туристік бағыттар мен Бұқтырма су қоймасының жағалауына апаратын автомобиль жолы ауқымды жөндеуден өтіп жатыр. Бұл – ауданымызды туристер үшін қолжетімді әрі тартымды етуге мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі, – деді Серік Жеңісов.

Өткен жылы жолдың алғашқы 30 шақырымы жаңартылды. Биыл тағы осындай ұзындықтағы учаскеде жұмыстар жалғасып жатыр. Осылайша, екі жыл ішінде жөнделген жолдың жалпы ұзындығы 60 шақырымға жетеді.

Қазір Миролюбовка және Сарыбел ауылдарының арасындағы жолдың 120-150-шақырымында жөндеу жүргізілуде. Нысанда мердігер «ДСУ-14» ЖШС-нің 14 арнайы техникасы жұмыс істеп жатыр.

Жоба аяқталғаннан кейін Самар жағалауындағы туристік аймаққа ғана емес, Сарыбел және Новостройка ауылдарына да қатынау жеңілдейді. Сонымен қатар заманауи туристік инфрақұрылым демалушылардың талабына сай келмейтін жолмен қатар орналасқан көпжылдық мәселе шешіледі.

Биыл Самар жағалауы сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз етілді. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасып жатыр. Билік жолдарды жаңарту және туристерге қажетті жағдай жасау ауданның тартымдылығын арттырып, Шығыс Қазақстан облысындағы ішкі туризмнің дамуына серпін береді деп есептейді.

Көкпекті – Самар – Васильев өткелі автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын толықтай 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Осыдан кейін Бұқтырма су қоймасының жағалауына апаратын жол өңір тұрғындары мен туристер үшін қауіпсіз әрі жайлы болмақ.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...