ШҚО құрамасы өрт-құтқару спорты турнирінде ерлер арасында топ жарды

Қостанайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогы үшін өрт-құтқару спортынан өтіп жатқан IX турнирдің алғашқы жарыс күні аяқталды. Спортшылар «Шабуыл сатысымен көтерілу» сайысында мықтыларды анықтады. Ерлер мен әйелдер жеке және командалық есепте сынға түсті. Мұнда бәрін секундтар, кейде секундтың жүзден бір бөлігі шешті.

Әйелдер арасындағы жеке біріншілікте екі спортшы бірдей нәтиже көрсетіп, бірінші орынды бөлісті. Қостанай облысының өкілі Айдана Байтикова мен астаналық Кристина Подгородецкая тапсырманы 7,23 секундта орындады. Үшінші орынды 7,30 секунд нәтижесімен Анастасия Жидонис иеленді.

Әйелдер арасындағы командалық есепте Қостанай облысының құрамасы 45,39 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орынды 47,05 секунд көрсеткішпен Астана командасы алды. Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 48,39 секунд нәтижесімен жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Ерлер арасында Маңғыстау облысының өкілі Абай Қонысбаев үздік нәтиже көрсетті. Ол қашықтықты 13,80 секундта бағындырды. Қостанай облысының спортшысы Нұралы Магау 13,92 секунд нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды. Үшінші орынды 15,65 секунд көрсеткішпен астаналық Петр Подгородецкий иеленді.

Ерлер арасындағы командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының құрамасы топ жарды. ШҚО спортшылары 88,67 секунд нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Солтүстік Қазақстан облысының командасы 89,22 секунд нәтижесімен екінші орынға жайғасты. Қола жүлде 89,23 секунд көрсеткен Маңғыстау облысының құрамасына бұйырды. Екінші және үшінші орындардың арасын небәрі 0,01 секунд бөліп тұр. Көзді ашып-жұмғанша – күмістен қағылдың.

Жарыс енді өрт-құтқару спортындағы ең тартымды сайыстардың бірі – 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру дисциплинасымен жалғасады. Спортшылар Қазақстан Республикасы ТЖМ кубогы үшін өтіп жатқан IX турнирдің жүлделерін сарапқа салуды жалғастырады.

Новые статьи

Более 700 ошибок нашли в школьных учебниках Казахстана

Министерство просвещения продолжает формировать перечень учебников и готовить школы к 2026-2027 учебному году. После дополнительной экспертизы учебные издания отправили на доработку – специалисты выявили...

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт шықты. Қауіпсіздік мақсатында маңайдағы балалар лагерінен тәрбиеленушілер эвакуацияланды. Өрт 16 шілде күні таңертең резерваттың Бородулиха...

ШҚО-да Бұқтырма жағалауына апаратын жолдың 60 шақырымы екі жылда жаңартылады

Самар ауданында Бұқтырма су қоймасының жағалауына апаратын облыстық маңызы бар Көкпекті – Самар – Васильев өткелі автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба Шығыс...

60 километров дороги к Бухтарминскому побережью обновят за два года в ВКО

В районе Самар продолжается ремонт автомобильной дороги областного значения Кокпекты – Самарское – Васильевская переправа, которая ведет к побережью Бухтарминского водохранилища. Проект должен улучшить...