2029 жылға қарай Қазақстандағы ішкі туристер саны 11 миллионнан асады

Қазақстанда туристік саланы дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңартылды. Үкіметтің тиісті қаулысы 13 шілдеде қабылданды. Құжатты Туризм және спорт министрлігі басқа да құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп өзектендірді.

Тұжырымдаманың бұрынғы нұсқасында 45 іс-шара қарастырылса, енді олардың саны 66-ға жетті. Жоспарда инженерлік, коммуналдық және көлік инфрақұрылымын, визит-орталықтарды салу, курорттық аймақтарды абаттандыру және бизнес-процестерді цифрландыру көзделген.

Мемлекет туристік бизнеске қолайлы жағдай жасауды, мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарауды, басым аумақтарға ірі инвесторларды тартуды және білікті мамандар даярлауды да жоспарлап отыр.

Негізгі өзгерістердің бірі – туризмді дамытуға арналған нақты шараларды өңірлердің даму жоспарларына енгізу. Міндеттер мен индикаторлар Туризм және спорт министрлігімен келісілгеннен кейін ғана бекітіледі. Мұндай тәсіл саланы дамытудың бірыңғай стандарттарын қалыптастырып, мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға тиіс.

Өңірлердің жұмысы туристік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұлттық рейтинг жүйесі арқылы бағаланады. Салаға жауапты мемлекеттік органдардың басшылары үшін негізгі тиімділік көрсеткіштері – KPI белгіленеді. Рейтинг әдістемесін Туризм және спорт министрлігі әзірлейді.

Жаңартылған тұжырымдама өз бетінше саяхаттайтын туристерге жағдай жасауды және Tourism Village жобасы аясында ауылдық елді мекендерді ілгерілетуді де қамтиды. Елде атпен жүретін туристік бағыттарды құрып, арнайы таңбалау, жолсілтемелер шығару, «Жанды сабақтар» жобасы арқылы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және туристік іс-шаралардың ұлттық күнтізбесін қалыптастыру жоспарланған.

2029 жылға қарай туристік саланың жалпы қосылған құны 6,3 триллион теңгеге дейін өсуі тиіс. Орналастыру және тамақтандыру салаларына салынатын инвестиция көлемін 260 миллиард теңгеге, ал салада жұмыспен қамтылғандар санын 800 мың адамға дейін жеткізу көзделген.

Осы мерзімге қарай ішкі туристер саны 11 миллионнан, ал Қазақстанға келетін шетелдік туристер саны төрт миллионнан асуы тиіс. Сондай-ақ Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту индексі бойынша әлемдегі жетекші 50 елдің қатарына кіруді жоспарлап отыр.

Үкімет жаңартылған тұжырымдама саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, инфрақұрылымды жақсартады, инвестиция тартуға және цифрландыруды жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтеді. Тағы бір маңызды міндет – ішкі және келу туризмінің ауқымын кеңейту.

Новые статьи

Минобороны обновляет подготовку офицеров

Военное образование в Казахстане намерены приблизить к новым технологическим реалиям. В центре подготовки будущих офицеров окажутся беспилотные технологии, цифровые инструменты, лидерские качества, военная наука...

Для частных школ в РК планируют установить фиксированный размер финансирования

Министерство просвещения Казахстана разработало поправки, предусматривающие установление фиксированного размера финансирования для частных школ, реализующих государственный образовательный заказ. Предлагаемые изменения направлены на то, чтобы стоимость обучения...

Современную литературу Казахстана представили на книжной выставке в Гуанчжоу

В рамках 30-й Южнокитайской книжной выставки в Гуанчжоу прошла специальная сессия, посвященная современной литературе Казахстана. Китайским читателям представили произведения казахстанских авторов и рассказали об...

Когда тают Гималаи: фатальные наводнения становятся нормой

Всего за день до того, как гигантская стена из льда, горных пород и грязи сошла на гималайские долины рядом с непало-китайской границей, климатолог Дипеш...