Абай облысы Бородулиха ауданында қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында Бородулиха ауылында жергілікті тұрғын өз үйінің маңынан пышақ жарақаттары бар бойжеткеннің мәйітін тапқан.

— Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, ауданның 20 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тергеудің алдын ала мәліметінше, күдікті мен марқұм бір-бірін таныған. Олардың арасында жанжал шыққан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Новые статьи

Доходы республиканского бюджета превысили план по итогам первого полугодия

Доходы республиканского бюджета Казахстана по итогам первого полугодия 2026 года исполнены на 100,6%. Об этом на заседании правительства сообщил исполняющий обязанности министра финансов Ержан...

Полицейские ВКО усилили профилактическую работу с детьми во время летних каникул

В Восточно-Казахстанской области в период летних каникул сотрудники подразделений по делам несовершеннолетних усилили профилактическую работу с детьми и подростками. Основная цель мероприятий — обеспечение...

В ВКО с начала года выявили шесть нарушений законодательства о защите конкуренции

В Восточно-Казахстанской области с начала 2026 года выявили шесть фактов нарушения законодательства в сфере защиты конкуренции. По всем случаям департамент Агентства по защите и...

Өскеменде жаңа Шнайдер көпірінің қашан салынатыны белгісіз

Өткен жылдың қыркүйек айында Шнайдер көпірі опырылып түскен болатын. Алғашында көпірді жөндеу жоспарланған. Алайда жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде мамандар көпірді қалпына келтіру тиімсіз деген...