Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері көші-қон қызметінің мамандары 450-ден астам адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққанын тіркеді. Олардың басым бөлігі көрші мемлекеттің азаматтығын алған.
— Заң талаптарын бұзғаны үшін 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 24 азамат шетелдік азаматтықты алғаны туралы уақтылы хабарламаған, ал азаматтығын жоғалтқаннан кейін Қазақстан Республикасының құжаттарын заңсыз пайдаланған 6 шетелдік азамат сот шешімімен ел аумағынан шығарылды, — делінген ақпаратта.
Анықталған жағдайлардың бірі Өскемен қаласының 43 жастағы тұрғынына қатысты. Ол 2024 жылдың қазан айында өзге мемлекеттің азаматтығын алғанымен, заңда белгіленген мерзімде ішкі істер органдарына хабарламаған. Осылайша, әйелден Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарылып, ел құжаттары тәркіленді.
Осы ретте, тәртіп сақшылары өзге мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, азаматтар 30 күн ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлап, Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын құжаттарды тапсыруға міндетті екенін ескертеді. Бұл талапты бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.


