Өскемен қаласында қоғамдық көліктегі жолақы тарифін көтеру мәселесі қарастырылуда. Тиісті қаулы жобасын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жариялады.
Жобаға сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап сараланған тариф енгізу ұсынылған: қолма-қол ақшасыз төлем кезінде – 120 теңге, қолма-қол төлем кезінде – 200 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде жолаушы тасымалдаушы компаниялар әкімдіктің субсидия бойынша берешегі бар екенін мәлімдеген болатын.

