Шығыс Қазақстанда «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы басталды

Шығыс Қазақстан облысында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Үлгілі ауыл» өңірлік байқауы бастау алды.

Жобаның мақсаты – елді мекендерді дамыту, аумақтарды абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру. Байқауға Шығыс Қазақстандағы барлық ауыл қатыса алады. Ол үшін ауылдың жетістіктері мен жүзеге асырылған бастамалары таныстырылатын бейне-өтінім дайындалып, тиісті аудан әкімдігіне ұсынылуы қажет.

Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік жұмыстар облыстық кезеңге жолданады. Оларды ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жанындағы конкурстық комиссия қарайды.

Бейне-өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 17 шілдеге дейін жалғасады. Облыстық комиссия ұсынылған материалдарды саралай келе, өңірдегі ең үздік ауылды анықтап, жеңімпазға «Үздік ауыл» атағын береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау тек ең көрікті әрі абаттандырылған ауылдарды анықтауды ғана емес, сондай-ақ ауыл тұрғындарын экологиялық жобаларды жүзеге асыруға, қоғамдық бастамаларды дамытуға және ауылдағы өмір сапасын жақсартуға ынталандыруды көздейді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...