ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 3 адам суға батып кетті

Алғашқы қайғылы жағдайдан кейін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Жаз басынан бері 1090 рейд өткізіліп, қауіпсіздік талаптарын бұзған 80-нен астам адам анықталған.
Қазіргі уақытта балаларымен демалуға келген отбасыларға ерекше көңіл бөлініп отыр.

«Балаларды судағы қауіптен сақтаңыз!» республикалық акциясы аясында құтқарушылар жағажайларда ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ең алдымен ересектер жауапты екенін еске салып жатыр.

— Басты мақсатымыз — қайғылы оқиғалардың алдын алу. Сол себепті облыстың халық көп шоғырланатын су айдындарында профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізіледі, — дейді құтқарушылар.

ТЖД қызметкерлері азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, мас күйде суға түспеуге, бейтаныс жерлерде жүзбеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Сондай-ақ қайықпен, катермен немесе өзге де жүзу құралдарымен жүрген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...