ШҚО-да «Таза Қазақстан» акциясына 330 мыңнан астам адам қатысты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде «Таза Қазақстан» бастамасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндады. Жыл басынан бері экологиялық акцияларға 330 мыңнан астам адам, соның ішінде 19 мыңнан астам ерікті қатысты. Сондай-ақ бұл жұмысқа 329 кәсіпорын мен бизнес субъектісі жұмылдырылды. ШҚО тұрғындарының белсенділік көрсеткіші 2025 жылғы деңгейден екі есе асып түскен.

– Бастама аясында өңірде 252 саябақ пен сквер, 204 су нысаны тазартылып, 22 мың тонна қалдық жиналды және 2,8 мың гектар аумақ ретке келтірілді. Халықты қоқысты орталықтандырылған түрде жинау және шығару қызметтерімен қамту көрсеткіші 74%-ға дейін артты, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО-да аймақты көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Елді мекендерде 76,8 мың көшет отырғызылды. Орман қоры аумағында 5,5 миллион жас өскін егілді. Өскемен қаласында 2026 жылғы 8 мамырда Шешек асуында «Таза Қазақстан» экосаябағы ашылды. Саябақ аумағына 5 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда. Қазірдің өзінде онда 1,5 мыңнан астам көшет егілді.

Сонымен қатар облыста ірі экосаябақтар құру жобалары қолға алынған. Олардың қатарында:
Өскемендегі аумағы 21,4 га болатын «Қайың тоғайы» (Березовая роща);
Ұлан ауданындағы аумағы 25 га болатын «Жасыл аймақ»;
Глубокое ауданындағы аумағы 40 га болатын «Таулы Үлбі» (Горная Ульбинка) саябағы бар.

Бұл жобаларды жүзеге асыруға 450 миллион теңге бөлінді.

Қалалық инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өскеменде 2,3 миллиард теңгеге 54 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл тізімге мыналар кіреді:
5 ауланы абаттандыру;
34 балалар ойын алаңы мен спорт алаңын орнату және жөндеу;
8 футбол алаңын жабдықтау;
6 саябақ пен скверді ағымдағы жөндеуден өткізу.

Риддер қаласында Тәуелсіздік даңғылындағы скверді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 649,8 миллион теңге. Серебрянск қаласында Некрасов көшесіндегі сквер жаңартылуда. Бұл жұмыстарға 535,2 миллион теңге бағытталды.

Өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісі де дамып келеді. Мектептер мен өзге де алаңдарда сынып сағаттары, экосабақтар, «Табиғатты аяла» форумы, «ProEco» байқаулары, шығарма және сурет конкурстары, дөңгелек үстелдер мен дебаттар өткізілуде.

Сонымен қатар «Қамқор», «Жасыл ел» тәрізді практикалық экологиялық жобалар, «Жануар сақшылары» және «Жасыл орман сақшылары» клубтары жұмыс істейді. Балалар үшін «Табиғаттың ғажайып әлеміне саяхат» атты жазғы бағдарлама жоспарлануда. Оған экскурсиялар, экспедициялар, шеберлік сыныптары, танымдық квесттер мен жануарлардың іздерін анықтау сабақтары кіреді. Бағдарламамен 5 200 баланы қамту көзделген. Сондай-ақ облыста 9 «Жасыл балабақша» құрылды. Оларда экологиялық бұрыштар мен шағын бақтар жасақталған.

– Тұрғындар өзекті мәселелерді @TazaQazBot цифрлық платформасы арқылы тікелей хабарлай алады. 2026 жылы бұл жүйе арқылы 260 өтініш қабылданды. Оның ішінде 30 өтініш платформаның мақсатына сәйкес келмегендіктен кері қайтарылды, 222 өтініш толық орындалды, тағы сегізі қазір орындалу үстінде, – деді ШҚО әкімі.

Бастама аймақтың ақпараттық кеңістігінде де белсенді жарияланып келеді. Жалпы алғанда, 38 мыңнан астам материал жарық көрді:

85 материал – телеарналарда;
538 материал – баспасөз басылымдарында;
5 558 материал – интернет-ресурстарда;
32 мыңнан астам жарияланым әлеуметтік желілерде орналастырылды.

– Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады және менің тұрақты бақылауымда болады, – деп сөзін түйіндеді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...