Шығыс Қазақстанда шілдеде ауа райы құбылмалы болады

Шығыс Қазақстан облысында шілде айында аптап ыстықпен қатар, нөсер жаңбыр мен найзағай жиілейді. Ауа райының осылай құбылып тұруы жаздың екінші айының басты ерекшелігі болмақ.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, шілденің алғашқы күндерінде өңірге белсенді циклон әсер етіп, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел екпіні күшеюі мүмкін.
Одан кейін аймақта қайтадан ыстық күшейгенімен, ұзаққа созылмайды.
— Шілденің алғашқы онкүндігінде Қазақстанның шығысында күндізгі ауа температурасы біртіндеп +30…+38 градустан +25…+35 градусқа дейін төмендейді. Кейін аптап ыстық нөсерлі жаңбыр, найзағай және желдің күшеюімен алмасып отырады», — деп мәлім етті «Қазгидромет» мамандары.
Айдың екінші жартысында да ауа райы тұрақсыз болады. Аптап ыстық салқындау күндермен және жауын-шашынмен кезектесіп отырады.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан шілде айында жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болады деп болжанған өңірлердің қатарына енді. Синоптиктердің мәліметінше, ай бойы облыста 25-тен 85 миллиметрге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Ал аймақтың оңтүстік бөлігінде бұл көрсеткіш көпжылдық орташа деңгейден сәл жоғары болады.

Новые статьи

Розничная торговля в Казахстане выросла на 4,5% за девять месяцев

В январе–сентябре 2026 года объем розничной торговли в Казахстане достиг 20 048,8 млрд тенге. Это на 4,5% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Рост...

Семерых граждан РК обвиняют в мошенничестве на 413 млн тенге и организации ОПГ

В Астане завершили расследование уголовного дела в отношении семи человек, которых обвиняют в мошенничестве в составе организованной преступной группы. По данным прокуратуры столицы, от...

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...

Генеральный секретарь ИКАО оценил работу Авиационной администрации Казахстана

Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар посетил Авиационную администрацию Казахстана (ААК) в рамках своего первого официального визита в страну. Его...