ШҚО тұрғындары аптап ыстыққа байланысты дәрігерлерге жиі жүгіне бастады

Шығыс Қазақстан облысында биыл соңғы жылдардағы ең ыстық жаз келіп отыр. Ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты күн өтуден зардап шегіп, медициналық мекемеге жүгінетіндер саны да артқан.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маусым айында өңірде күн өтуге байланысты 25 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен көп. Былтыр дәл осы уақытта медициналық көмекке 12 адам жүгінген болатын.

Дәрігерлердің айтуынша, күн өту — ұзақ уақытқа созылған аптап ыстықтың ең қауіпті салдарының бірі. Әсіресе егде жастағы адамдар, жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар науқастар мен балалар қауіп тобына жатады.

– Егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары бар азаматтар күннің ыстығына осал келеді. Егер әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі сияқты алғашқы белгілер байқалса, дереу салқын жерге барып, сұйықтықтың орнын толтырып, жағдайы нашарлап кетсе уақыт оздырмай медициналық көмекке жүгіну қажет, – делінген ақпаратта.
Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық мезгілі – сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін ашық күн астында ұзақ жүрмеуге, ашық түсті жеңіл киім мен бас киім киюге, жеткілікті мөлшерде су ішуге кеңес береді.
Синоптиктердің болжауынша, өңірде алдағы күндері де аптап ыстық сақталады.

Новые статьи

Розничная торговля в Казахстане выросла на 4,5% за девять месяцев

В январе–сентябре 2026 года объем розничной торговли в Казахстане достиг 20 048,8 млрд тенге. Это на 4,5% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Рост...

Семерых граждан РК обвиняют в мошенничестве на 413 млн тенге и организации ОПГ

В Астане завершили расследование уголовного дела в отношении семи человек, которых обвиняют в мошенничестве в составе организованной преступной группы. По данным прокуратуры столицы, от...

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...

Генеральный секретарь ИКАО оценил работу Авиационной администрации Казахстана

Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар посетил Авиационную администрацию Казахстана (ААК) в рамках своего первого официального визита в страну. Его...