— Құрметті шығысқазақстандықтар! Бүгін еліміздің даму жолындағы жаңа кезең басталды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты — елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңа Конституцияның басты өзегі, — деді ШҚО әкімі.
Оның айтуынша, бүгінде барша шығысқазақстандықтардың алдында ортақ міндеттер тұр.
— Олар — қоғамдық келісімді нығайту, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, өңірлерді жан-жақты дамыту, сапалы білім мен қолжетімді медицинаның өрісін кеңейту, қуатты экономиканы қалыптастырып, әр азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау.
Шығыс Қазақстан алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қоса береді деп сенемін, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

