Оқиға 30 маусым күні сағат 22:30 шамасында Қазақстан көшесінде болған.
— Toyota Carina автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 30 жастағы әйел түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Зардап шеккен әйелдің денсаулығына келтірілген зиянның ауырлық дәрежесі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша анықталады.

