ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 28 маусым күні Ұлан ауданы аумағында болды.
— 51 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны «HUSQVARNA 901 NORDEN» маркалы мотоциклмен Алғабас ауылынан Тарғын ауылы бағытына қарай келе жатып, рөлді басқара алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

