ШҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам адам вакцина салдырудан бас тартты

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңір халқы арасында осы жылдың басынан бері вакцина алғаннан кейінгі жағымсыз әсерлер тіркелмеген.

— Алайда кейбір тұрғындар әлі де екпе алудан бас тартып жатыр. Биыл профилактикалық екпелерден бас тартудың 105 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 97-сі жеке сенімдерге байланысты, бесеуі вакцинаға сенімсіздік танытса, тағы үш жағдай бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған жағымсыз ақпараттың әсерінен болған, — делінген ақпаратта.

Екпеден бас тарту жағдайлары ең көп Өскемен қаласында (80) және Глубокое ауданында (14) тіркелді. Жас ерекшелігі бойынша ең көп бас тарту бір жасқа дейінгі балаларға салынатын екпелерге қатысты болып отыр.

-Халықты вакцинациялау нәтижесінде дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызамық, эпидемиялық паротит, қызылша, В вирустық гепатиті, полиомиелит, туберкулез және гемофильді инфекция сияқты жұқпалы аурулардың таралу деңгейі айтарлықтай төмендеді. 2008 жылы екпе күнтізбесіне гемофильді инфекцияға қарсы вакцина енгізілді. Содан бері елімізде нәрестелер өлімі 20,2 пайызға төмендеді, — делінген хабарламада.

Новые статьи

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...