ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Алкогольсіз ауыл» республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары Өскемен қаласындағы сауда орындарының бірінде алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады.
— Жүргізілген тексеру барысында жеке кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін саудалағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды, — делінген ақпаратта.
Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан жалпы саны 436 дана алкоголь өнімі тәркіленді. Оның ішінде 254 бөтелке спиртті ішімдік және 182 дана сыра өнімі бар. Тәркіленген өнімдердің барлығы заттай дәлелдеме ретінде танылып, процессуалдық шешім қабылданғанға дейін жауапты сақтауға қойылды.

