Қайғылы оқиға қала іргесіндегі саяжайлар аумағында болған. Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,19 жігіт суға батып кетті.
Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Сүңгуірлер іздестіру жұмыстарын жүргізіп, марқұмның денесін судан алып шықты.
– Оқиға саяжай алқаптары маңында, шомылуға арналмаған орында белгісіз мән-жайларда болды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

