ШҚО-да 2030 жылға дейін 670 МВт-тан астам жаңа энергетикалық қуат іске қосылады

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде энергетика секторын жаңғырту және дамыту мәселелері бойынша жиын өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Өңірдің энергетикалық кешеніне 10 энергия көзі кіреді, оның ішінде 7 су электр станциясы және 3 жылу электр орталығы бар. Олардың жиынтық орнатылған электр қуаты – 1 585,9 МВт. Осы жылдың 4 айында электр энергиясын өндіру көлемі 2,6 млрд кВт·сағатты құрады.
«2030 жылға дейін жалпы қуаты 670,6 МВт болатын жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде қолданыстағы энергия көздерін жаңғырту есебінен 162 МВт, ал жаңа нысандарды пайдалануға беру арқылы 508,6 МВт қуат енгізіледі. Электр желілерінің тозу деңгейін төмендету табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылуда», — деді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Наурызбай Сармурзин.
Электр энергиясын кепілді жеткізуші және электр желілерін тасымалдаушы ұйым – «БЭСК» АҚ-ның 2026 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 131,8 шақырым электр беру желісін жаңғырту және салу, қосалқы станциялардың 96 жабдығын жаңарту көзделген. Сонымен қатар жоспарлы-алдын алу жұмыстары аясында 736,9 шақырым электр беру желісіне және қосалқы станциялардың 140 жабдығына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша электр желілерінің тозу деңгейі шамамен 0,5 пайызға төмендейді.
Облыс әкімі аталған басқарма басшысына 2026-2030 жылдарға арналған Шығыс Қазақстанның электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту жоспарларының іске асырылуын қамтамасыз етіп, Өскемен қосалқы станциясынан Тұғыл ауылына дейін 220 кВ әуе электр жеткізу желісін салу мәселесін пысықтауды ерекше бақылауға алу міндетін қойды.
«Қалалар мен аудандар әкімдіктері иесіз электр желілерін электр энергиясын тасымалдаушы ұйымдардың теңгеріміне беру мәселесін пысықтауы тиіс. Бүгінде электрмен жабдықтау жүйесін дамыту өңірдің энергиямен қамтылу сенімділігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие. Облыстың энергетикалық әлеуетін толық іске асыру үшін инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып, энергия көздері мен электр желілерін жаңғыртып, энергия ресурстарын басқарудың заманауи технологияларын енгізу қажет», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

В ВКО рассказали, как полиция помогает предотвращать семейное насилие

В Восточно-Казахстанской области продолжается работа по профилактике семейно-бытового насилия и защите женщин, оказавшихся в сложной жизненной ситуации. Одним из ключевых направлений деятельности полиции остается...

Театр имени Габита Мусрепова впервые показал спектакль в прямом эфире

Казахский государственный академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова впервые организовал показ спектакля в прямом эфире. Зрители посмотрели постановку «Махаббат, қызық мол...

В Казахстане стартовала акция «Безопасная дорога»

В стране объявили республиканскую акцию «Безопасная дорога». Комитет автомобильного транспорта и транспортного контроля министерства транспорта РК проводит масштабные рейды по всей стране. Акция проходит с...

Шымкентский молодежный театр представил Казахстан на фестивале BABEL в Румынии

В румынском городе Тырговиште прошел XIV Международный театральный фестиваль BABEL. В этом году он собрал более 50 театральных коллективов из США, Великобритании, Франции, Германии,...