ШҚО-да жаз кезінде бағаны тұрақтандыру үшін көкөніс қоры жасалды

Шығыс Қазақстан облысында тұрғындарды қолжетімді бағадағы жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта өңірде 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында көкөніс өнімдерін сатып алу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Соның аясында 250 тонна картоп, 40 тонна пияз, 35 тонна сәбіз және 30 тонна қырыққабат жеткізу көзделген. Жалпы сатып алу көлемі 95,9 миллион теңгеден асады. Өнім жеткізуші ретінде «Мусин Мади Қайратович» шаруа қожалығы бекітілген.

«Ертіс» ӘКК» АҚ мәліметінше, бағаны тұрақтандырудың негізгі тетіктерінің бірі – өңірдегі жеке сауда желісін дамыту. Бұл бағыттағы жұмыс 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта желі құрамында 45 сауда нысаны бар. Оның ішінде 17-сі – корпорацияның өз павильоны болса, 28-і меморандум негізінде жұмыс істейтін серіктес сауда орындары.

2019 жылдан бері аймақта бағаны тұрақтандыру бағдарламасын іске асыруға бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінген. Қаржы азық-түлік жеткізушілерін жеңілдетілген шарттармен қаржыландыруға бағытталып, халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қолжетімді бағада қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда бағаны тұрақтандыру шаралары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 11 түрін қамтиды. Олардың қатарында алты түрлі бакалея өнімі, көкөністің төрт түрі және сиыр еті бар.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...