ШҚО: Open Air Sarybel туристік маусымының ашылуына 5 мыңнан астам адам қатысты

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Сарыбел ауылында, Бұқтырма су қоймасының жағалауында жазғы туристік маусымның ашылуына арналған Open Air Sarybel фестивалі өтті. Ауқымды шараға Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен қалалары мен еліміздің басқа да өңірлерінен келген 5 мыңнан астам қонақ қатысты.

Фестиваль қонақтарына түрлі-түсті Холи бояулары шоуы, көбік кеші, қазақстандық әнші Say Mo қатысқан кешкі концерт және мерекелік отшашу ұсынылды.

Іс-шара барысында сауда мен қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Фестивальге Самар ауданы, Өскемен қаласы, Күршім, Катонқарағай аудандары және Абай облысының Көкпекті ауданынан келген 33 кәсіпкер қатысты. Қонақтарға ұлттық тағамдардан бастап заманауи көше тағамдарына дейінгі 40-тан астам өнім түрі ұсынылды. Әсіресе кәуап, палау, түрлі нан-тоқаш өнімдері, салқын сусындар, балмұздақ, тәтті мақта, қымыз, жаңа піскен көкөністер мен жемістер үлкен сұранысқа ие болды.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері және СОБР арнайы жасағы қамтамасыз етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Open Air Sarybel фестивалі енді жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға айналады.

Open Air Sarybel жаз мезгілінің басталуындағы Шығыс Қазақстандағы ең ірі іс-шаралардың біріне айналып, Бұқтырма жағалауы мен Самар ауданының жоғары туристік әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Туризм саласын дамыту өңірдің басым бағыттарының бірі болып табылады. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен туристік аймақтардың көлік қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Биыл Самар ауданындағы Миролюбовка – Сарыбел автожолының жөндеу жұмыстары аяқталуда. Сонымен қатар туристік бағыттар санитарлық тораптармен жабдықталуда. Өткен жылы Миролюбовка ауылында медициналық пункт салынса, биыл төтенше жағдайлар қызметі демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа катерлермен және заманауи техникамен жабдықталды. Сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Сарыбел және Новостройка ауылдарында мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсарту мақсатында антенна-діңгекті құрылыстар орнатылды.

Новые статьи

В Казахстане обсудили развитие отечественных питомников декоративных растений

Развитие декоративного питомниководства и меры по снижению зависимости от импортного посадочного материала обсудили на совещании в правительстве под председательством заместителя премьер-министра - министра национальной...

Катонқарағайда лақтарымен жүрген тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды. - Кадрлардан аталық, аналық тауешкілер және өсіп келе жатқан лақтар бірге көрінеді. Аталықтарын ірі...

В Казахстане изменили правила проведения валютных операций

В Казахстане внесли изменения в правила осуществления валютных операций. Новая норма касается юридических лиц-резидентов, которые участвуют в особом режиме регулирования Национального банка и работают...

В Катон-Карагайском нацпарке фотоловушки засняли горных козлов с детенышами

Фотоловушки на территории Катон-Карагайского национального парка вновь зафиксировали группу горных козлов, среди которых были взрослые самцы и самки, а также подрастающие козлята. Самцов можно отличить...