Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап кеткен бала қаза болды. Қазіргі уақытта баланың нақты қалай құлағаны белгісіз.
– 5 жасар баланың өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан бері облыс бойынша 5 бала терезеден құлап кеткен.
– Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату қажет. Москит торы қорғаныш бола алмайды. Балаларды үйде жалғыз қалдырмауға, терезе маңында жалғыз жүргізуге болмайды, – деп ескертті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

