Өскеменге 3 жаңа трамвай жеткізілді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласына Беларусь Республикасынан жеткізілген жаңа трамвайлармен танысты.

Төмен еденді трамвайлар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне толық бейімделген. Сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи жүйелермен, салқындатқышпен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Үш жаңа трамвайдың әрқайсысында 36 орын бар. Ал бір рельсті көлікке жалпы саны 130 адам сыяды.

Аймақ басшысы трамвайға және электробусқа мініп, олардың жолаушыларға жайлылығын бағалады.

– Өнеркәсібі дамыған өңіріміз үшін экологиялық таза көліктердің маңызы зор. Өскеменде жыл сайын трамвайға мінетін тұрғындар саны да артып келеді. Сондықтан трамвай паркін жаңарту жұмыстарын ары қарай жалғастырамыз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, 2025 жылы Өскеменге 3 жаңа трамвай жеткізілген болатын. Беларусь елінің «БКМ Holding» кәсіпорнында жасалған бұл қоғамдық көліктер бір жылдың ішінде сапасының жоғары екенін көрсетті.

Новые статьи

Президент обратится к казахстанцам 28 октября

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев планирует выступить с ежегодным Посланием народу страны 28 октября в первой половине дня. Об этом он сообщил на своей странице...

Глава государства в режиме телемоста дал старт строительству Актогайского медеплавильного завода

Обращаясь к участникам церемонии, Касым-Жомарт Токаев назвал строительство металлургического предприятия в поселке Актогай области Абай одним из важнейших проектов, который придаст новый импульс развитию...

Военнослужащим в Казахстане автоматически предоставят отсрочку по кредитам

Военнослужащим, проходящим срочную службу в Казахстане, предоставляется отсрочка по выплате кредитов на весь период службы и еще на 60 календарных дней после ее завершения....

Казахстан и Канада обсудили вопросы развития малой авиации и регулирования аэропортов

Казахстан и Канада рассматривают возможности расширения сотрудничества в сфере гражданской авиации. Эти вопросы министр транспорта Казахстана Нурлан Сауранбаев обсудил с представителем Министерства транспорта Канады...