Глубокое ауданында жүргізуші куәлігінен 10 жылға айырылса да мас күйде мотоцикл тізгіндеген адам ұсталды

Патрульдік полиция қызметкерлері Глубокое кентін патрульдеу барысында «Racer RC 250» маркалы мотоциклді тоқтаттқан. Құжаттарды тексеру кезінде 35 жастағы ер адамның 2022 жылдың қазан айында Глубокое аудандық сотының шешімімен 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

— Алайда ол сот шешімін елемей, қайтадан рөлге отырған. Медициналық куәландыру жүргізушінің ауыр дәрежедегі мас күйде екенін көрсетті. Қазіргі уақытта мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарға көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың мас күйде қайтадан рөлге отыруы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертті. Заң талаптарын қатаң сақтап, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырамыз.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...