ШҚО-да үздік оқушылар марапатталды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өңірдің белсенді әрі дарынды балаларымен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы облыстың намысын республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми, шығармашылық және спорттық жарыстарда абыроймен қорғап жүрген оқушылардың жетістіктерін атап өтті.

Балалар мерекесіне орай облыс әкімі жас шығысқазақстандықтарға ақшалай сертификаттар табыстады. Сонымен қатар олардың әрқайсысына «Дарын» жазғы сауықтыру лагеріне жолдама сыйға тартылды.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жастарды қолдауды мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Сондықтан біздің ортақ мақсатымыз – әрбір балаға жан-жақты дамуға, сапалы білім алуға және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік жасау, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Салтанатты бөлімнен кейін жас қонақтарға мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Гала-концертте облыстың аудандары мен қалаларынан келген талантты би ұжымдары мен вокалдық ансамбльдер өнер көрсетті. Оларға да ақшалай сертификаттар табысталды.

ШҚО әкімі оқушыларға оқу, ғылым, спорт және шығармашылықтағы жетістіктері үшін алғыс білдірді:

— Биыл облыс оқушылары жеңіп алған 171 медаль – үлкен мақтаныш. Бірақ одан да маңыздысы – еліміздің болашағын қалыптастыратын бастамашыл, талантты әрі мақсатшыл жас буынның өсіп келе жатқаны.

Айта кетейік, биыл жас шығысқазақстандықтар республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларда 171 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 37 алтын, 46 күміс және 88 қола медаль бар. Бұл өңірдегі білім беру сапасының жоғары деңгейін және жастардың зор әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...