ШҚО-да шахтер өлімінен кейін өндірістік нысандардағы қауіпсіздік деңгейі арттырылмақ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Шемонаиха ауданындағы Артемьев шахтасында болған жазатайым оқиғаға байланысты «Шығыстүстімет» ЖШС мен KAZ Minerals тобының басшылығымен кездесті.

30 мамыр күні кешке кәсіпорында жұмысшы көз жұмған болатын. Компанияның мәліметінше, қайғылы оқиға тау жынысының опырылуы салдарынан болған. Оқиғаның мән-жайы заңнамаға сәйкес анықталып жатыр.

• Кездесу барысында аймақ басшысы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кәсіпорын мен уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылдың ашық әрі жедел жүргізілуінің маңызын атап өтті. Жиында өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды, — деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.

Нұрымбет Сақтағанов қауіпсіздік техникасы талаптарының қатаң сақталуы, бақылаушы органдар нұсқамаларының уақтылы орындалуы және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдаудың маңыздылығын жеткізді.

• KAZ Minerals компаниясының өкілдері еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіруге дайын екендерін мәлімдеді. Кездесу қорытындысы бойынша ШҚО әкімі өндірістік нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған қосымша шараларды қарастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, оларды салалық министрлікке жолдауды тапсырды, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...