Зайсан ауданында дәрігерлік амбулатория мен мектеп салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Қаратал ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияға барды.

Бүгінде құрылыс жұмыстары 99 пайызға аяқталған. Бас мердігер — «СМУ Шығыс» ЖШС. 4 мыңға жуық адамға қызмет көрсететін медициналық мекемеде 2 дәрігер мен 15 медбике жұмыс істейді.
Барлық қажетті инженерлік коммуникациялар осы аптада толық қосылады деп күтілуде. Одан кейін медициналық құрал-жабдықтар жеткізіліп, мекеме науқастарды қабылдауға толық дайын болады.

«Ауылдарда жаңа дәрігерлік амбулаториялардың салынуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі. Облысымызда заманауи медициналық нысандар салумен қатар, білікті мамандарды тарту, оларға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне де ерекше көңіл бөлініп келеді», — деді аймақ басшысы.

Одан соң Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Қаратал ауылындағы жаңа мектеп құрылысының барысымен танысты.
150 оқушыға арналған білім ордасы жаңа оқу жылының басында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта негізгі құрылыс аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау міндетін қойды.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске открылся «Ретро-музей» с коллекцией техники прошлого века

В парке «Левобережный» областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника Усть-Каменогорска состоялось открытие «Ретро-музея». В церемонии принял участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Главной частью экспозиции стала...

Усть-Каменогорск отмечает 306-летие

Сегодня Усть-Каменогорск отмечает 306-й день рождения. В честь Дня города в областном центре проходит праздничная программа, которая с самого утра собирает жителей и гостей...

В Усть-Таловке отметили День шахтера и обогатителя

В Усть-Таловке накануне прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню шахтера и обогатителя. Праздник объединил представителей горнодобывающей отрасли, ветеранов труда, молодежь, жителей и гостей Шемонаихинского района. В...

Сегодня в Казахстане отмечают День шахтера

В Восточном Казахстане горняцкий труд давно стал частью истории, характера и промышленной мощи нашего края. Спускаться под землю и работать в сложнейших условиях, добывая богатства...