ШҚО әкімі №44 мектептегі соңғы қоңырау шарасына қатысты

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейде өткен салтанатты шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Бұл білім ордасында 11 сыныпты 44 оқушы тәмамдап отыр.

«Баршаңызды оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру ісінде қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына шынайы алғысымызды білдіреміз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласын дамытуға айрықша мән беріп келеді. Білім беру жүйесінде заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану және тиімді пайдалану жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде», — деді облыс әкімі.

Бүгін жалпы облыс бойынша 354 мектепте соңғы қоңырау соғылып, 11-сыныпты 5 мыңнан астам түлек аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. 494 оқушы «Алтын белгі» иегері атануға үміткер болса, 439 түлек үздік аттестатқа ұсынылған. Олардың қатарында осы лицей түлектері де бар.

«Балаларының бүгіні мен болашағы үшін алаңдап, олардың әрбір қадамына қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп келе жатқан ардақты ата-аналар қауымына ерекше ризашылығымызды білдіреміз! Ұл-қыздарыңыз үкілеген үміттеріңізді ақтап, елге адал қызмет ететін, тәрбиелі әрі білімді азамат болып өседі деп сенім артамыз. Құрметті түлектер, адам қандай биік жетістікке жетіп, қандай деңгейге көтерілсе де, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қала береді. Өздеріңіз түлеп ұшқалы отырған мектептеріңіз бен аяулы ұстаздарыңызды ұмытпаңыздар!», — деп ізгі тілегін білдірді Нұрымбет Сақтағанов.
Соңғы қоңырау соғылған соң аймақ басшысы №44 лицей ғимаратының ішін аралап көрді. 1993 жылы ашылған бұл білім ордасы 2022 жылы қала бойынша «Ең үздік орта білім беретін ұйым» номинациясын иеленген. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде ШҚО Білім басқармасына лицей ғимаратын қайта жаңғыртудан өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу міндетін қойды.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...