ШҚО-да үздік мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған шара Өскемен қаласының сыртындағы «The Forest» мейрамхана кешенінде өтіп, оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, кітапхана мен музей саласының мамандары қатысты.

Шара аясында сала үздіктеріне ведомстволық наградалар, Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды. Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлерінің рухани мұраны сақтау, өнерді дамыту және Шығыс Қазақстанның мәдени имиджін нығайту жолындағы айрықша еңбегін атап өтті.

«Тамыры терең тарих пен тағылымға бай Шығыс Қазақстан – өнер мен руханияттың алтын бесігі. Әр ұйымдастырылған шара, әр қойылым, әр сурет пен кітап көрмесі – туған өлкеміздің рухани келбетін айшықтай түсетін игі еңбек. Қасиетті Шығыс өңірінің мәдениетін дамыту жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін!», — деді ШҚО әкімі.

Кеш қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары Нұрлан Абдуллин мен Мақсат Рахметтің және өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шара барысында жас таланттарға және Шығыс Қазақстанды республикалық әрі халықаралық деңгейде табысты танытып жүрген шығармашылық ұжымдардың жетістіктеріне ерекше көңіл бөлінді.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...