Өскеменде өнеркәсіп аумағында ағаш жапырақтарының сарғаюына байланысты экологтар тексеру жүргізбек

Өскемен қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағында ағаш жапырақтарының сарғаюына қатысты тұрғындардан түскен шағымдардан кейін тексеру жұмыстары басталды.

Экологтардың дерегінше, мұндай жағдай қалада бірнеше жыл бұрын да тіркелген. Оған кәсіпорындардың біріндегі ауаға тараған шығарындылар себеп болған.

— Осындай жағдай 2021 жылдың мамыр айында болды. Сол кезде жүргізілген тексеру нәтижесінде кәсіпорындардың бірінде «Казцинк» металлургиялық кешеніндегі Lavalin газдарды кәдеге жарату қондырғысының финалдық абсорбциялық мұнарасы қақпағының жергілікті деңгейде герметикалығы бұзылып, салдарынан газ шығарындылары болғаны анықталған еді, — деп хабарлады ШҚО Экология департаментінен.

Қазіргі уақытта мамандар ағаштардың жай-күйінің өзгеру себептерін қайта анықтап жатыр. Осы мақсаттағы зерттеу жұмыстарына ғылыми орталық қызметкерлері де тартылған.

Департаменттің мәліметіне сәйкес, өнеркәсіп аймағын комиссиялық тексеру 28 мамырға жоспарланып отыр.

— Тексеру және зерттеу нәтижелері бойынша тиісті баға беріліп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылданады. Қорытынды нәтижелер тексеру мен зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін жарияланады, — дейді экологтар.

Новые статьи

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...