Бұл туралы «Казцинк» компаниясынан мәлім етті.
— Жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Компания қаза болған қызметкердің отбасына қажетті қолдау көрсетіп жатыр, — делінген хабарламада.
Бүгінде өндірістік алаңда апат салдарын жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатыр.
— Қазіргі уақытта Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуатты уақытша төмендетіп жұмыс істеуде, — делінген ақпаратта.

