ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 мамыр күні Согра шағын ауданындағы Үлбі өзеніне барып, шомылған екі жігіт суға батып кеткен.
Бір адамның мәйіті сол күні табылды. Ал екіншісінің денесін іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды.
— Оның мәйіті оқиға орнынан екі шақырым жердегі Степное ауылының маңындағы таяз судан табылды. Іздеу жұмыстары күн сайын, соның ішінде дрондарды пайдалану арқылы жүргізілді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, суға кеткен азаматтың екеуі де 23 жаста болған.

