ШҚО-да биыл 270 нысан ерекше қажеттіліктері бар жандарға бейімделеді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттің инклюзивті саясатын жетілдіру жолдары талқыланды. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Бүгінде Шығыс Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 29 мыңнан астам адам тұрады. Оның ішіндегі 3,3 мыңы бала.

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі 4 142 адам – көру қабілеті бойынша, 1 085 адам – есту қабілеті бойынша, ал 7 126 адам қозғалу қиындықтарына байланысты ерекше қолдауды қажет етеді. Қоғамға бейімдеу мақсатында жыл сайын олардың техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша 14-15 мыңнан астам өтініші орындалады.

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық өтініштің 4 236-сы орындалып, оңалту бағдарламаларының жүзеге асу деңгейі 60,9% құрады.

2023-2027 жылдарға арналған жоспарға сәйкес өңірде 1 348 әлеуметтік нысанды мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу көзделген болатын. 2026 жылы 270 нысанды бейімдеу жоспарланса, бүгінде оның 42-сі дайын.

Өңірде «Инватакси» қызметі де жұмыс істеп тұр. Қазір бұл қызметпен 520 адам қамтылып, оған 36 көлік тартылған.
Шығыс Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ішіндегі еңбекке қабілеттілер саны 12,5 мыңнан асады. Ал 3 800-ге жуық адам тұрақты табыс тауып отыр. Биыл 113 адам жұмысқа орналасса, 26 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жіберілген.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...