ШҚО-да билік пен бизнестің өзара ынтымақтастығы күшейіп келеді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті.

Соның барысында өндіріс, туризм, гидроэнергетика сынды бағыттарда атқарылып жатқан жұмыс пен алдағы жоспарлар жайы талқыланды.

«Облысымызда кәсіпкерлермен өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру үшін іскерлік кеңес құрдық. Өзім айына 1 рет сол кеңестің отырысына қатысып, бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен мәселелерін тыңдаймын. Бізде туризм саласының әлеуеті өте зор. Қазір саланы дамытудың арнайы жоспарын құрып жатырмыз. Ол бір жарым айдың ішінде дайын болуы тиіс», — деді аймақ басшысы.

Қанат Шарлапаев Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.

— Кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетіп келе жатқаныңызды білеміз. Бұл жұмыс нәтижелерінен де көрініп тұр. Сол үшін өзіңізге бизнес қауымдастықтың атынан алғыс білдіремін! «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі. Облыстың гидроэнергетика саласына инвестиция тарту бағытында да бірлесе жұмыс істеуге әзірміз, — деді ол.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде бүгінде өңір бойынша 90-ға жуық су электр станциясы салынатын жерлер айқындалғанын жеткізді. Сондай-ақ ШҚО-ның туристік тартымдылығын арттыру үшін экология жағдайын жақсарту мақсатында да жүйелі жұмыс қолға алынғанын тілге тиек етті.

— Өскеменде ауаға шығарындылар өнеркәсіптік кәсіпорындардан бөлек, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтары мен қыста пеш жағатын жер үйлерден таралады. Қалада 140 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Желсіз күндері бұл да ауадағы ластаушы заттардың жиналуына әкеледі. Сондай-ақ екі гидроэлектр станциясы Ертіс пен Үлбі өзендерінің қыс мезгілінде қатпауына әкеліп, содан қалың тұман пайда болады. Негізінен қараша-наурыз айларында болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кездерінде кәсіпорындар өндірістік жүктемені 20-50%-ға төмендетіп жатыр. Экологтар ауа сапасын тұрақты түрде тексеруде, — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы ары қарай өңірдегі бірнеше кәсіпорынды араламақ. Оның ішінде «Шығыс Сүт» корпорациясы, «Силумин-Восток», «Altai Mai» ЖШС-лары бар.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...