Өскеменге Алматыдан келіп есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері психотроптық заттар сататын интернет-дүкен курьерінің қызметін тоқтатты.

Өскемен қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жалдамалы пәтерде тұрып, есірткі заттарын таратумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстады.

Оны тінту барысында ұнтақ тәрізді заты бар 12 түйіншек және ұялы телефон тәркіленді. Пәтерді тінту кезінде қосымша тағы бес ұялы телефон табылды. Зерттеу нәтижелері бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 20 грамнан асатын «а-PVP» психотроптық заты екені анықталды. Бұл қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес ірі мөлшерге жатады.

— Күдіктінің 2026 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында Telegram мессенджері арқылы курьер-жасырушы болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Наурыз айының басында куратордың нұсқауымен ол Өскеменге келіп, баспана жалдап, тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...