ШҚО-да 100-ге жуық адамды кене шақты

Қазіргі таңда кене шаққан 92 адам медициналық мекемеге жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны — 38.

Эпидемиологтардың мәліметінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14-ке көбейген.

— Бүгінгі таңда кене арқылы жұғатын инфекциялар анықталған жоқ. Өңірдегі медициналық ұйымдарда иммуноглобулин қоры жеткілікті. Сонымен қатар тұрғындарға табиғат аясында демалған кезде сақтық шараларын бұзбай, репелленттер қолдануды еске саламыз, — деді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәуле Слямғазина.

Айта кету керек, өңірде кене энцефалитінің табиғи ошақтары тұрақты түрде тіркелетін аумақтар бар. Олар: Глубокое, Катонқарағай, Шемонаиха, Ұлан, Алтай, Самар аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңы.

Новые статьи

В Восточном Казахстане за семь месяцев привлекли 25,8 млрд тенге инвестиций в АПК

За семь месяцев 2026 года в агропромышленный комплекс Восточно-Казахстанской области привлечено 25,8 млрд тенге инвестиций. Это на 81% больше, чем за аналогичный период прошлого...

В ВКО продолжается благоустройство экопарков и зон отдыха

В Восточно-Казахстанской области продолжаются работы по благоустройству рекреационных зон. Текущее состояние проектов в Усть-Каменогорске, Уланском и Глубоковском районах обсудили на расширенном аппаратном совещании под...

В Казахстане обсудили развитие отечественных питомников декоративных растений

Развитие декоративного питомниководства и меры по снижению зависимости от импортного посадочного материала обсудили на совещании в правительстве под председательством заместителя премьер-министра - министра национальной...

Катонқарағайда лақтарымен жүрген тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды. - Кадрлардан аталық, аналық тауешкілер және өсіп келе жатқан лақтар бірге көрінеді. Аталықтарын ірі...