Семейде колледждегі буллинг фактісі бойынша сот ісі қаралды

Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соты колледждегі буллинг фактісі бойынша істі қарады. 2010 жылы туған, колледждің бірінші курсында оқитын жасөспірім жатақханада бірге тұратын басқа студентке жүйелі түрде тиісіп келген.

— Атап айтқанда, кәмелетке толмаған жасөспірім жәбірленушіге күш қолданып, оны тұншықтырған. Бұл жағдай бейнежазбаға түсіріліп, қорлайтын сөздермен бірге ортақ чатта таратылған. Сондай-ақ аудиториядағы бейнебақылау камераларына Б.-ның К. отырған жаққа партаны итерген сәті түсіп қалған, — деп хабарлады Абай облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот кәмелетке толмағанның әрекеттерінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-2-бабының 3-бөлігіне (кәмелетке толмағанға қатысты буллинг) сәйкес құқық бұзушылық белгілері бар деген қорытындыға келді.

— Жасөспірімнің әрекеті үшін жауапкершілік ата-анасына жүктелетіндіктен, іс оның анасына қатысты қаралды. Сот қаулысымен жасөспірімнің анасына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...