Өскеменде үш күн қатарынан сол жағалаудағы мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

Өскемен қаласындағы Жібек маталар комбинаты шағын ауданы қайтадан электр энергиясынсыз қалды. Мұнда жарық үшінші күн қатарынан өшіп отыр.

Жарық бүгін сағат 10:30 шамасында өшкен. Тұрғындардың айтуынша, электр қуаты еш ескертусіз сөндіріліп, кемінде үш сағат бойы қосылмаған. Апаттардың салдарынан тұрмыстық техника жиі істен шығып, күнделікті тіршілік қиындап кеткен.

— Жарықтың өшіуі үшінші күн қатарынан қайталанды. Жарықты ескертусіз өшіреді. Бірнеше сағат бойы жарықсыз отырамыз. Балаларға тамақ дайындау да, кір жуу да мүмкін емес. Су да тоқтайды. Өйткені насос жұмыс істемей қалады. Техникалар да істен шыға бастады, — дейді шағын аудан тұрғындары.

«БЭСК» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, кезекті өшіруге жабдықтың апатты жөндеуге шығарылуы себеп болған.

— 13 сәуір күні Өскеменде Л-27 желісінде электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. Себебі «КШТ» қосалқы станциясындағы секция апатты жөндеуге шығарылды. Шамамен 2300 абонент жарықсыз отыр. Ақауды жою үшін жедел бригада жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...