Риддер қаласында 4 адамды кене шақты

Күн жылынғалы өңірде кене маусымы басталып кетті. 30 наурыз күні Лесхоз шағын ауданында кене шағудың алғашқы фактісі тіркелді. Ал 7 сәуірдегі жағдай бойынша, Риддерде кенеден 4 адам зардап шеккен. Оның үшеуі ересек, біреуі бала.

— Егер сізді кене шақса, мүмкіндігінше ертерек, нақты айтқанда төрт күннің ішінде медициналық мекемеге барып қаралыңыз. Онда кенені алып тастап, иммуноглобулин егіліп, ары қарай медициналық бақылауда боласыз, — дейді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Гүлмира Мырзағараева.

Ауруханаларда кене энцефалитіне қарсы вакцина бар. Сонымен қатар кене шаққаннан кейінгі аурудың алдын алу үшін иммуноглобулин де жеткізілген.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің жоғары аймағына жатады. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.

Новые статьи

В Восточно-Казахстанской области снизилась смертность от онкозаболеваний

В Восточно-Казахстанской области по итогам первого квартала 2026 года зафиксирована положительная динамика в работе онкологической службы. Улучшения отмечены сразу по нескольким ключевым показателям —...

Шығыс Қазақстанда кәріз құдығында газға уланған 3 адамның денсаулығы қалай?

Оқиға кеше Глубокое ауылында болған еді. Кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде үш жұмысшы газбен уланған. Қазіргі уақытта екеуі амбулаториялық емдеуге жіберіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды. Оларға...

ШҚО-да онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 7,9 пайызға төмендеді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сагидуллина мәлімдеді. Оның айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші 100 мың...

Женщины из ВКО выезжают в другие города Казахстана за прививкой от вируса папилломы человека

Молодые женщины из региона выезжают в другие города Казахстана, чтобы получить прививку от ВПЧ. Научно доказано, что вирус папилломы человека высокого онкогенного риска является главным...