Бүгін Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі аяқталды.
Сот шешімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық), 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) кінәлі деп танылды.
— Сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ оның мүлкі, яғни Toyota Camry автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды, — делінген сот үкімінде.
Жақсылық Омар өз жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа түзету мекемесінде өтейді.

