Шығыс Қазақстанның инвестициялық әлеуеті Қытайда таныстырылды

Шығыс Қазақстан облысының делегациясының Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары жалғасуда. Делегацияны аймақ басшысының орынбасары Бақытжан Байахметов бастап жүр.

Сапар барысында екі өңірдің инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы өтті. Әуелі ШҚО әкімінің орынбасары мен ШҰАА Халық Үкіметі хатшылығы басшысының орынбасары Чжоу Чао өз сөздерімен шараның шымылдығын ашып, ізгі лебіздерімен бөлісті. Ары қарай екі тараптың өкілдері баяндамалар жасап, түрлі салалардағы көрсеткіштерді, алдағы жоспарларды сөз етті.

ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов өлкенің Қытай мен Ресей арасындағы көлік-логистикалық хабқа айналуға ниетті екенін жеткізді.

— 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ұзын көпір салынды. Екі жыл ішінде 1 жарым мың шақырым көлік жолы жөнделіп, қайта жаңғыртылды. Қытаймен шекаралас Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежайлар құрылысы басталды. Біз жылына 1 млн турист қабылдауға дайынбыз. Қытайлық компанияларды облыста туристік инфрақұрылымды дамытуда бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз, — деді ол.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен мен өнімді қайта өңдеуде тұрақты өсім көрсетіп келеді. Энергетика саласында да мүмкіндіктер мол. Әсіресе 95 СЭС салынатын жерлер айқындалған гидроэнергетиканың әлеуеті зор.
Шара соңында тараптар B2B форматында келіссөздер жүргізіп, бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын талқылады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...