Өскеменде экологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпорынға 20 млн теңге айыппұл салынды

ШҚО Экология департаментінің мамандары Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешенінің Өскемен металлургиялық алаңына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

— Соның барысында ауаға тарайтын шығарындылар көздеріне тиісті өлшемдер жасалып, белгіленген нормативтердің артқаны анықталды. Атап айтқанда, күкірт диоксиді бойынша нормадан – 3,5 есе, көміртек оксиді бойынша – 2 есе, азот оксиді бойынша – 1,5 есе артқан, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Анықталған деректер шаң-газ ұстау жабдықтарының толық көлемде тиімді жұмыс істемейтінін және газдарды жобалық деңгейде тазартуды қамтамасыз етпейтінін көрсетті.

— Сонымен қатар қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде эмиссияларды төмендету талаптарының сақталмауы экологиялық рұқсат шарттарының бұзылуына әкелгені белгілі болды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

ШҚО-да ертең аптап ыстық, жел және жаңбыр күтіледі

9 маусым күні Шығыс Қазақстан облысының аумағында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, ертең өңірдің шығыс бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, шығысында және...

Казахстан изучает китайский опыт внедрения ИИ в образовании

Министр просвещения Жулдыз Сулейменова в рамках рабочей поездки в Китайскую Народную Республику ознакомилась с практиками внедрения искусственного интеллекта и цифровых технологий в образовательный процесс. Казахстанскую...

В Казахстане запускают Creative Aimaq – регионы покажут свои бренды и творческие проекты

В стране запускают проект Creative Aimaq, направленный на поддержку и развитие региональных креативных индустрий. Проект запускает Фонд развития креативных индустрий. По задумке, Creative Aimaq станет...

Фотоловушка сняла редкого переднеазиатского леопарда в Устюртском заповеднике

На территории Устюртского государственного природного заповедника фотоловушка зафиксировала крайне редкого переднеазиатского леопарда. Это уникальный хищник, который находится под угрозой исчезновения. По данным заповедника, переднеазиатский леопард...